"АМӨЗ" ЖШС Бас директоры Ш. Данбай Мәскеуде студенттермен кездесті

23.10.2019
1077 views
"АМӨЗ" ЖШС Бас директоры Ш. Данбай Мәскеуде студенттермен кездесті

"Атырау МӨЗ" ЖШС Бас директоры Шухрат Данбай Мәскеуде "Жас маман"зауыттық бағдарламасы бойынша білім алып жатқан И. Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университетінің бірінші курс студенттерімен кездесті.

Биылғы жылы Атыраудан сегіз студент АМӨЗ ұсынған мүмкіндіктерінің арқасында аталмыш ЖОО-ға түсті. Балалар зауыт үшін маңызы бар "Органикалық заттардың химиялық технологиясы", "Технологиялық машиналар мен жабдықтар", "Технологиялық үдерістер мен өндірістерді автоматтандыру" секілді өзекті мамандықтар бойынша білім алуда. Ал бір студент "Менеджмент"мамандығы бойынша оқиды.

Ш. А. Данбай студенттерге арнаған сөзінде, зауыт өзінің болашақ қызметкерлерін тәрбиелеу мен оқытуға айтарлықтай қаражат жұмсайтынын атап өтті: "Біздің жоғары технологиялық кәсіпорын сауатты мамандарды қажет етеді, сондықтан біз сізге, Мәскеуде оқып жүргендерге үлкен үміт артамыз. Біз сіздің біліміңізге сенеміз және сіздерді біздің зауытта оқуды аяқтағаннан кейін күтеміз".   

Зауыт басшысы студенттерге Атырау МӨЗ-ін дамытудың қазіргі заманғы кезеңі, жаңғыртудан өткен және алты инфрақұрылымдық жоба: Arman, Bailanys, 5S, Jeti Qazyna, Jańa Jol және Tazalyq-ның ағымдағы іске асырылуы туралы әңгімеледі.

"Қазіргі заманғы Атырау МӨЗ қызметкері - бұл кәсіпорынға барынша пайда әкелетін жоғары тиімді менеджер", - деп атап өтті Ш. А. Данбай.Сонымен қатар кәсіпорын басшысы бірінші курс студенттерін Павлодар МХЗ ұқсас бағдарламасы бойынша оқитын екінші және үшінші курс студенттерімен таныстырды. Бұл кәсіпорын мұнай өңдейтін күрделі мамандықты таңдаған студенттердің жетістіктерін бақылап, оларды өндірістік практикаға күтетінін атап өтті.

Анықтама үшін: "АМӨЗ" ЖШС қаражаты есебінен жас мамандарды оқыту бойынша "Жас маман" бағдарламасы 2004 жылдан бастап жұмыс істейді. 2019 жылы 11 адам осы бағдарламаның стипендиаты бола алды. Оның ішінде 8 адам Мұнай және газ РММ студенттері болды. 1 - МГИМО, 2 – УГНТУ (Уфа қ.).


«АМӨЗ» ЖШС қоғаммен байланыс бөлімі




Back to news list

Keep up with the latest news.
Subscribe newsletter!
Subscribe