АМӨЗ Топ-менеджерлері OPITO BOSIET халықаралық сертификаттарын алды

18.10.2019
1263 views
АМӨЗ Топ-менеджерлері OPITO BOSIET халықаралық сертификаттарын алды

"Атырау МӨЗ" ЖШС мен NCOC компаниясымен ынтымақтастық шеңберінде Бас директор Ш. Данбай бастаған АМӨЗ топ-менеджерлері OPITO BOSIET теңіз бұрғылау қондырғыларындағы авариялық жағдайларда қауіпсіздік техникасы мен іс - әрекет негіздері бойынша оқу курсынан өтті.

Бұл курсты өту туралы сертификат Каспий теңізіндегі Қашаған ірі шельф кен орнына бару үшін қажет.

Курстың мақсаты-Теңіз қондырғыларындағы қауіпсіздік техникасы (ҚТ) бойынша негізгі ережелерді үйрету, қауіпсіздік техникасы бойынша жабдықтарды пайдалану және тікұшақтың апаты және оның суға құлауы кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау. Сонымен қатар, курс теңізде өмір сүру және алғашқы медициналық көмек көрсету ережелерін үйретеді.

Үш күнге созылған оқыту, YKK компаниясының оқу орталығы базасында өтті. Зауыттықтар теориялық және ең бастысы практикалық білім алды. Мысалы, "тікұшақтың суға мәжбүрлі қонуы" жағдайында жеті секундтан кем емес су астында қалып, өрт кезінде бұрғылау платформаларынан эвакуациялана білу, сонымен қатар алғашқы медициналық көмек көрсетуді және де дефибрилляторды пайдалануды үйрену қажет болды.

"Курсты аяқтағаннан кейін біз төрт жыл бойы жер шарының кез келген нүктесінде осындай объектіге баруға мүмкіндік беретін халықаралық сертификаттар алдық", - деді АМӨЗ құқықтық қамтамасыз ету департаментінің директоры Берік Жұмағалиев.


«АМӨЗ» ЖШС қоғаммен байланыс бөлімі


Back to news list

Keep up with the latest news.
Subscribe newsletter!
Subscribe