2019 жылдың алты айында зауыттықтарда 91 бала дүниеге келген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда төрт балаға артық. Сонымен қатар, бірінші жарты жылдықта зауыт қызметкерлері арасында 17 неке тіркелген, ал өткен жылы жасалған некелердің саны 14-ке жетті.
Алғашқы некенің қиылуына байланысты кәсіпорын жұмыскерлерге 2 млн 891 мың теңге көлемінде материалдық көмек көрсетті және бала тууына байланысты 11 млн 356 мың теңге төленді. Қазіргі Ұжымдық шарт аясында және "АМӨЗ" ЖШС әлеуметтік қолдау көрсету Ережесіне сәйкес зауыт қызметкерлері түрлі материалдық көмек түрлерін алады. Атап айтқанда, мерейтойға, алғашқы неке қиюға және бала тууға. Бұдан басқа, Атырау мұнай өңдеу зауытының жұмыс істемейтін зейнеткерлеріне ай сайын жәрдемақы төленеді және материалдық көмек көрсетіледі.
Back to news list