Мемлекет басшысы Атырауда

06.09.2019
1208 views
Мемлекет басшысы Атырауда

Мемлекет басшысы мұнай-газ саласын дамыту мәселелері жөнінде кеңейтілген кеңес өткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде отын-энергетика кешенінің Қазақстан экономикасында үлкен рөл атқаратынын айтты. Президент мұнай-газ саласын одан әрі дамытудың маңыздылығын атап өтіп, Үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың алдына бірқатар нақты міндеттерді қойды.

Қасым-Жомарт Тоқаев мұнай-газ химия саласының дамуы экономиканы жаңғыртудың маңызды бағыты екенін атады.

“Біз осы саладағы заңнаманы жетілдірдік. Енді осы бағытта нақты қадамдар жасау керек. Үкіметке 2020 жылдың 1 наурызына дейін әлемдегі минералдық-шикізат ресурстарына сұраныстың ұзақ мерзімді болжамын ескере отырып, геологиялық барлау бағдарламасын әзірлеуді тапсырамын», – деді Мемлекет басшысы.

Кеңейтілген кеңес барысында Энергетика министрі Қанат Бозымбаев, экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев, «Самұрық-Қазына «ҰӘҚ» АҚ Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімов, «Лукойл» ААҚ Ресей мұнай-газ компаниясының президенті Вагит Алекперов, сондай-ақ «Теңізшевройл», «NCOC» және «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг» компанияларының басшылары баяндама жасады. Соның ішінде экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев екі арадағы ынтымақтастық пен жүйелі қызметі үшін «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясына алғысын білдірді.

Кейін мемлекет басшысы «Жайық» спорт кешенінде мұнай-газ саласы қызметкерлерін марапаттау рәсімін өткізді. Мерекелік іс-шарада "АМӨЗ" ЖШС  Хош иісті көмірстуеткер өндірісінің операторы Виктор Шайков «ҚР Алғыс хатымен» марапатталса, "АМӨЗ" ЖШС зауыт басқармасының өндірістік активтерді қайта жаңғырту бөлімінің басшысы Рулан Ажығалиев «Ерен Енбегі үшін » медалін Елбасының қолынан алу бақыты бұйырды.

Back to news list

Keep up with the latest news.
Subscribe newsletter!
Subscribe