4 қыркүйек күні KAZENERGY мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қазақстандық қауымдастығының төрағасы Тимур Кулибаев Атырау МӨЗ-де ресми сапармен болды. Сапар аясында ассоциация басшысы кәсіпорын аумағын аралап, 2009-2017 жж. зауытты жаңғырту кезінде салынған жаңа технологиялық қондырғыларды қарап шықты. Елдегі ірі мұнайды терең өңдеу кешенінің жанында "АМӨЗ" ЖШС Бас директоры Ш. Данбай KAZENERGY төрағасына зауытты жаңғыртудың үш кезеңдерінің нәтижелері туралы, сондай-ақ Автоматтандыру және цифрландыру шеңберінде өндіріске енгізілген жүйелер туралы туралы (RLG әдістемесі негізінде күрделі жөндеулерді тиімді дайындау және іске асыру, MES және SpiralPlan өндірістік үдерістерді басқару, IBM MAXIMO техникалық қызмет көрсету және жөндеуді басқару, инспекцияларды басқару және Meridium APM сенімділігін қамтамасыз ету) баяндады.
Сонымен қатар, Тимур Кулибаевқа кәсіпорында персоналды дамыту бойынша әлеуметтік бағдарламалар туралы айтылды. Атап айтқанда, зауыттың базасында жетекші мамандандырылған оқытушылар мен заманауи оқу-жаттығу кешендерінің базасында толыққанды оқу орталығын құру. Шухрат Данбайдың айтуынша, келесі жылы барлық технологиялық қондырғылардың жұмысшы құрамы орталықта оқытылады.
Кейін KAZENERGY қауымдастығының басшысы АМӨЗ жас мамандар кеңесінің мүшелерімен кездесті, зауыттың орталық операторлық ғимаратында болды, онда зауыттың барлық қондырғыларын басқарудың басты пультінің жұмысымен танысты.
Сондай-ақ, кәсіпорын басшысы кәсіпорында бар бағдарламалар туралы баяндады. Кейін KAZENERGY қауымдастығының басшысы АМӨЗ жас мамандар кеңесінің мүшелерімен кездесті, зауыттың орталық операторлық ғимаратында болды, онда зауыттың барлық қондырғыларын басқарудың басты пультінің жұмысымен танысты.
Сапар соңында кәсіпорынның конференц-залында Тимур Кулибаевтың және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының мұнай өңдеу және маркетинг жөніндегі орынбасары Д.Тиесовтің қатысуымен салтанатты жиналыс болып өтті, онда зауыттың төрт қызметкері KAZENERGY қауымдастығының дипломдары мен алғыс хаттарымен марапатталды. Қазақстан мұнайының 120 жылдығына орай тағы төрт адам осы мерекелік мерейтойлық медальдармен марапатталды.
Back to news list