Қазақстан Республикасының Конституциясы күні мен мұнай - газ кешені қызметкерлері күні қарсаңында Атырау мұнай өңдеу зауытында қазақстандық мұнайдың 120 жылдығын мерекелеуге арналған салтанатты іс-шара өтті.
Оған Атырау облысы әкімінің орынбасары Айбек Рамбаев сонымен қатар "ҚазМұнайГаз "ҰК"АҚ өкілдері қатысты.
Зауыттықтарды "АМӨЗ" ЖШС Бас директоры Шухрат Данбай келе жатқан мерекемен құттықтады. "Конституция күні мен кәсіби мерекеміздің қарсаңында Атыраулық мұнай өңдеушілер бірқатар маңызды міндеттерді орындай отырып қарсы алады: яғни біз мұнай өңдеу бойынша өндірістік бағдарламаны орындауды жалғастырудамыз,зауыттық инфрақұрылымды жаңғырту бойынша үлкен жұмыс жүргізудеміз. Және бұл сіздердің әрқайсыңыздың еңбектеріңіз. Біз бүгінде кәсіпорынның символы болып табылатын еңбек әулеттерін құрметтейміз. Сіздерге және Сіздердің отбасыларыңызға бейбітшілік пен өркендеу, игілік пен мықты денсаулық тілеймін!",- деді зауыттың бас директоры.
Бұл күні Атырау мұнай өңдеу зауытының 105 қызметкері "Қазақстан мұнайына-120 жыл" мерейтойлық медальдарын, сондай-ақ ҚР Энергетика министрлігі, "ҚазМұнайГаз "ҰК" АҚ, Атырау облысының әкімі және салалық кәсіподақ марапаттарын алды. Ал Қазақстан мұнайының 120 жылдығына орай жалпы 1008 мұнай өңдеуші марапатталды.
Зауыттықтар үшін мерекелік концерт, еңбек әулеттерінің фотокөрмесі ұйымдастырылды (кейбіреулерінің жалпы өтілі 250-300 жылды құрайды) және Кабанкиндер әулеті туралы фильм көрсетілді.
Back to news list