27 тамызда Атырау мұнай өңдеу зауытына "SinopecGroup" Қытай мұнай-химия корпорациясының құрамына кіретін Хайнань мұнай өңдеу зауытының (ҚХР) делегациясы келді.
Қонақтарға зауыт аумағын аралатып ,оның барысында жаңғыртудың үш кезеңі, табиғат қорғау шаралары және зауыттық инфрақұрылымды жаңғырту бойынша алты жоба туралы айтылды. Зауыт қызметімен танысу бірыңғай операторлық залында жалғасын тапты.
Қонақтарды қарсы алу барысында, "АМӨЗ" ЖШС Бас директоры Шухрат Данбай екі зауыттың ынтымақтастығы әріптестіктің жаңа деңгейіне шығатынын атап өтті. "Біздің кәсіпорындар бауырлас болып табылады және Біз жаңа технологиялар саласында бірлескен қызметті жүзеге асыруға, өндірісті жетілдіру, өнім сапасын арттыру, экологиялық жағдайды жақсарту саласында идеялармен алмасуға дайынбыз",- деп атап өтті Ш. Данбай.
Өз кезегінде Хайнань МӨЗ бас директорының орынбасары - бас инженер Ву Вей АМӨЗ басшылығына ризашылықтарын білдіріп, зауытта еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау ережелерінің сақталуын ерекше атап өтті.
Хайнань МӨЗ Атырау мұнай өңдеу зауытында екі күн болады. Осы уақыт ішінде қытайлық және Атыраулық мұнай өңдеушілер жұмыс топтарында пайдаланылатын жабдықтарды өндіру мен қызмет көрсетуге қатысты бірқатар өзекті мәселелерді талқылайды, тәжірибе алмасады.
Естеріңізге сала кетейік, АМӨЗ мен Хайнань МӨЗ бауырлас зауыттар болып табылады. Ынтымақтастық туралы келісімге 2017 жылы қол қойылды. Бұл құжат қондырғыларды қауіпсіз және тұрақты пайдалану, техникалық қызмет көрсету, жаңа технологияларды әзірлеу және енгізу, энергия үнемдеу, қоршаған ортаны қорғау, персоналды басқару, әлеуметтік саясат және т. б. саласында екі МӨЗ арасында өзара тиімді ынтымақтастық орнатуға және тәжірибе алмасуға бағытталған.
Back to news list