АМӨЗ спортшылары "ҚазМұнайГаз"спартакиадасында 4 алтын және 2 қола медаль жеңіп алды.

28.08.2019
1136 views
АМӨЗ спортшылары "ҚазМұнайГаз"спартакиадасында 4 алтын және 2 қола медаль жеңіп алды.

Атырау мұнай өңдеушілері қазақ мұнайының 120 жылдығын мерекелеу қарсаңында Шымкентте өткен «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ дәстүрлі спартакиадасында 4 алтын және 2 қола медаль жеңіп алды.

Атырау МӨЗ командасы 20 адамнан құралған 8 спорт түрінен сайысқа түсті: армрестлинг, мини-футбол, волейбол, баскетбол, шахмат, үстел теннисі, жүзу және тоғызқұмалақ. Құрама қоржынына алтынды тоғызқұмалақтан өткен жарыста экономист Анар Құмарова, ТҚҰ жетекші инженері, жүзуші Азамат Жолымбетов алып келді. Сондай-ақ, жеңімпаздар қатарында волейбол командасы мен баскетболшылар бар. Қола жүлдені Мұнай өңдеу және терең күкіртсіздендіру технологиялық қондырғысының операторы, армрестлингист Дмитрий Акунишников және ерлер волейбол командасы алды.

Айта кету керек, жарыстың барлық түрлерінде АМӨЗ құрама командасы ерік күшін, табандылық пен жеңіске ұмтылысын көрсете отырып, соңына дейін күрескен. Спартакиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін "АМӨЗ" ЖШС-нің бас директоры Шухрат Данбай құттықтады: "біздің қызметкерлер тек жоғары білікті қызметкерлер ғана емес, сонымен қатар талантты спортшылар да, жалпы мақсатқа жету үшін бірігіп жұмыс істей алатынын тағы да көрсетті".

Спартакиаданы ұйымдастырушылардың айтуынша, іріктеу турларына 52 еншілес ұйымнан 3 мыңнан астам спортшы қатысты. Ақтық ойындарда 29 компанияның 350 өкілі сынға түсті.

Back to news list

Keep up with the latest news.
Subscribe newsletter!
Subscribe