Зауыттықтар «Бірге – таза Қазақстан» экологиялық акциясына қосылды.

27.07.2019
1285 views
Зауыттықтар «Бірге – таза Қазақстан» экологиялық  акциясына қосылды.
27 шілде күні зауыт қызметкерлері Атырау мұнай өңдеу зауытының Бас директоры Шухрат Данбайдың бастамасымен   "Бірге - Таза Қазақстан” республикалық акциясына ат салысты.
60 тан аса зауыттықтар Жаңаталап ауылынан бастап Амангелді ауылына дейінгі аралықтағы Жайық өзенінің бойын қоқыстан тазартты. Жұмыс барысында 3 бірлік техника жұмылдырылды.

Мұндай ауқымды акцияның мақсаты - табиғат пен су торабтарының ластану мәселесіне адамдардың көбірек назарын аударту.

"Бұл біздің жеріміз, ортақ үйіміз, біз оның тазалығына жауаптымыз. Бүгінгі сенбілік - Атырау мұнай өңдеу зауыты қызметкерлерінің экологиялық мәдениеттің өркендеуіне қосқан  үлесі" , - деді АМӨЗ Бас директоры Шухрат Данбай. Сонымен қатар– "Осындай іс-шаралар адамдарға көбірек ой салып, жалпы адамзаттық мәдениеттің бір бөлігіне айналуы тиіс", - деп атап өтті.

Экологиялық акцияның қортындысы бойынша арнайы орынға 20 тоннаның үстінде қоқыс жиналып, жеткізілді. Онда көбінесе тұрмыстық қоқыстар мен азық-түлік қалдықтары жинақталды.

16 шілде күні экология министрі Магзум Мырзағалиев өзінің Twitter әлеуметтік желісінде  #Birge #TazaQazaqstan акциясын бастағандығы белгілі. Аталмыш бастаманы АМӨЗ ұжымы ұйымшылдықпен қабыл алды.


«АМӨЗ» ЖШС қоғаммен байланыс бөлімі

Back to news list

Keep up with the latest news.
Subscribe newsletter!
Subscribe