АМӨЗ-ге өндірістік есеп пен жоспарлаудың жаңа стандарты енгізілді

05.07.2019
1213 views
АМӨЗ-ге өндірістік есеп пен жоспарлаудың жаңа стандарты енгізілді

"Атырау мұнай өңдеу зауытында RLG International компаниясының "Мұнай өңдеудің операциялық тиімділігін арттыру" жобасы шеңберінде өндірістік іскерлік шолулар тұрақты түрде жүргізіліп тұрады.

Бұл зауыт үшін өндірістік есептердің жаңа форматы болып табылады,яғни "әлсіз жерлерді" анықтау және қандай да бір технологиялық процестер мен көрсеткіштерді жақсарту бойынша ұсыныстар әзірленеді.

 Әр апта сайын технологиялық қондырғылардың бастықтары мен өндірістік-техникалық бөлімнің инженерлері іскерлік шолулар жасайды. Баяндаушылар өндірістік жоспардың орындалу барысын, қондырғыларды жүктеуді, отын алуды, электр энергиясының, будың шығысын және т.б. проблемалық жағдайларды кесте арқылы көрсетеді. Осылайша, зауыттың техникалық басшылығы әрбір бөлімшенің жалпы ҚНК (қызметтің негізгі көрсеткіштері) орындалуына қосқан үлесін көреді және тиісті шешімдер қабылдайды.

"Іскерлік шолуда мамандар қандай да бір ауытқулардың бар екенін көріп, түсінеді, олардың себептерін іздейді, яғни әрекет етуге мүмкіндігі бар және осының арқасында айдың соңына қарай белгіленген көрсеткішке қол жеткізуге болады. Барлық операциялық ырғаққа қондырғы бастықтары ғана емес, операторлар да тартылған", - дейді RLG International жобасының менеджері Алексей Раздорский.

Ал ай сайын іскерлік шолулар кәсіпорын басшылығының қатысуымен өтеді. Мәселен, 5 шілде күні кезекті мәжіліс өтті. Бұл кездесуде 2019 жылдың маусым айындағы Атырау мұнай өңдеу зауытының өндірістік бағдарламасының орындалу нәтижелері қаралды. Зауыттың негізгі ПӘК-ін орындау қаралды: бір айда мұнай өңдеу көлемі, ашық түсті мұнай өнімдерінің шығуы, өңдеу тереңдігі, шығыс материалдары. Атап айтқанда, RLG International әдістемесі бойынша жасалған кестелердің арқасында алдыңғы іскерлік шолуда ұсыныстар берілген белгілі бір өндірістік қауіп-қатерлердің төмендеуі байқалды.

 "Операциялық ырғақ- бұл бизнес - үдерістерді талдауға және осыған сәйкес анықталған қауіп-қатерлерді ескере отырып қажетті шешімдерді қабылдауға мүмкіндік беретін өндірісті жоспарлаудың тағы бір компоненті", - деп атап өтті Атырау мұнай өңдеу зауытының бас директоры Ш. Данбай.

«АМӨЗ» ЖШС жұртшылықпен байланыс бөлімі


Back to news list

Keep up with the latest news.
Subscribe newsletter!
Subscribe