Атырау мұнай өңдеу зауытында ағылшын тілі клубы құрылды.

05.07.2019
1313 views
Атырау мұнай өңдеу зауытында ағылшын тілі клубы құрылды.

Атырау мұнай өңдеу зауытында бас директор Ш. А.Данбайдың бастамасымен ағылшын тілі клубы құрылды.

Ағылшын клубының ашылу мақсаты - технологиялық процестерге қызмет көрсететін қызметкерлер арасында техникалық ағылшын тілін жетілдіру, қажетті терминдерді меңгеру болып табылады. Клуб мүшелері зауытқа келетін шетелдік делегаттарға зауытты ағылшын тілінде таныстыруды және сүйемелдеуді үйренетін өндірістік-техникалық қызметкерлер болды. Клуб отырысы апта сайын өткізіледі.

Ағылшын клубы шеңберінде 4 шілде күні зауыттың бас директорының қатысуымен екінші кездесу өтті. Кездесу барысында қатысушылардың бірі "Менің өмірімнің бір күні" тақырыбына презентация жасап, кейін оны клуб мүшелері ағылшын тілінде талқылады.

«АМӨЗ» жұртшылықпен байланыс бөлімі


Back to news list

Keep up with the latest news.
Subscribe newsletter!
Subscribe