Зауыт қызметкерлері Арыс қаласында зардап шеккендерге қолдау көрсетті

27.06.2019
1233 views
Зауыт қызметкерлері Арыс қаласында зардап шеккендерге қолдау көрсетті

Атырау мұнай өңдеу зауытының қызметкерлері «Арыс, біз біргеміз!» жалпы республикалық акция аясында әскери бөлімнің қоймасының жарылуынан зардап шеккен Арыс қаласының тұрғындарына бір күндік жалақысын аударды.

Жиналған қаражат "Түркістан" корпоративтік әлеуметтік даму қорына жіберілетін болады.

"Арыс қаласында орын алған төтенше жағдайға байланысты зауыт қызметкерлері өз отандастарының қайғысына ортақтасып, бір күндік жалақысын көмек қорына аударды. Бұл біздің Арыс тұрғындары алдындағы азаматтық борышымыз деп есептейміз. Осындай ел үшін қиын кезеңде барлығымыз бірігіп,отандастарымызды қолдауға тиіспіз", - деп атап өтті АМӨЗ бас директоры Ш. А. Данбай.

Аударылған қаражаттың жалпы сомасы 15 013 000 теңгені құрайды.



"АМӨЗ" ЖШС қоғаммен байланыс қызметі»

Back to news list

Keep up with the latest news.
Subscribe newsletter!
Subscribe