Атырау мұнай өңдеу зауытының сарқынды су жинағышында балапандары бар 200-ден астам аққу ұя салған. Бұл туралы "Enerteк" ЖШС (АМӨЗ мердігерлік ұйымы) сумен жабдықтау және су бұру нысандарының басшысы Валерий Шатилов хабарлады.
Оның айтуынша, былтырғы жаз айларында 25 түрлі құс ұшып келді, ал биыл олардың саны бірнеше есеге артқан. Маманның пікірінше, бұл алқаптардағы экологиялық жағдайдың жақсаруымен, сондай – ақ , құстар үшін азық болып табылатын сары балдырлардың көбеюімен байланысты. Талдау жасау кезінде өсімдіктер құрамында жабайы құстарға арналған қоректік жем болып табылатын ұсақ шаяндардың бар екені анықталған . Сонымен қатар, балдыр шөптердің тек экологиялық таза су ортасында көбейетінін атап өтті.
Аққулардан басқа, су тоғандарында Ресей мен Қазақстанның Қызыл кітаптарына енгізілген қарабай, балшықшы құстар, үйректер бар. Сондай-ақ, қамыс дуалдарында қабандар, қояндар, түлкі мен қасқырлар байқалған.
Экологтардың пікірінше, буландырғыш-тоғанның қазіргі таңдағы биологиялық қалыпты жағдайы АМӨЗ-дің рұқсат етілген нормалары бойынша төгінділердің құрамын бақылау, су тазарту жүйесін жетілдірудегі тынымсыз еңбегінің нәтижесі болып табылады. Экологтардың пікірінше, буландырғыш тоғанның биологиялық әртүрлілігінің жақсы жағдайы АМӨЗ-нің су тазарту жүйесін жетілдіру және ПСС стандарттарына сәйкес төгінділердің мөлшерін ғана емес, жер асты суларын, сондай-ақ су қоймасының жай-күйін бақылайтын жұмысының салдары болып табылады.
Естеріңізге сала кетейік, Атырау мұнай өңдеу зауытында 2019 жылдан бастап механикалық және биологиялық тазарту құрылыстарын, сондай-ақ ағын суларды бұру арнасын кезең-кезеңмен қайта жаңартуды, булану алқаптарын қайта өңдеуді білдіретін «TAZALYQ» тазарту құрылыстарын жаңғырту жобасы жүзеге асыруда.
Қазіргі таңда 1945 жылдан бастап пайдаланылатын сарқынды су жинағышының көлемі 27 ш. км, оның ішінде зауыт 15 шаршы километрді пайдаланады.
Буландырғыш-тоғанның сол жақ жағалауына АМӨЗ-ден басқа, "Атырау Су Арнасы" КМК, "Атырау ЖЭО" АҚ, "Маңғыстау индустриялық паркі" ЖШС және т. б. ағынды суларды ағызады.
Back to news list