Бұл туралы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мұнай тасымалдау, өңдеу және маркетинг жөніндегі басқарма төрағасының орынбасары Данияр Тиесов «Каспий және Орталық Азиядағы мұнай өңдеу және мұнайхимиясы» V халықаралық конференциясында мәлімдеді. «Жаңа дизель отыны - бұл отандық өнім, сондықтан оны «Хазар -32» деп атадық. Бұл атау зауыт қызметкерлерінің дауыс беру нәтижелері бойынша таңдалды. Ол K5 экологиялық класына сәйкес келеді, яғни оның құрамында күкірттің мөлшері өте аз, бұл дегеніміз қоршаған ортаға зиян келтірмейді дегенге саяды », - деді Д.Тиесов. Данияр Тиесовтың мәлімдеуінше ПТФ -32 дизель отыны Қазақстанның суығына шыдамды келеді, сол себепті республика тұрғындары арасында сұранысқа ие өнім болмақ. Жаңа өнім Зауытты жаңғырту жобасының шеңберінде салынған терең мұнай өңдеу кешенінде өндірілді. Бұл K4 және K5 класстарына сәйкес келетін мотор отынын шығаратын Қазақстандағы технологиялық қондырғылардың ең ірі кешені және Атырау мұнай өңдеу зауытында мұнай өңдеу көлемін 5,5 млн. тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді. «АМӨЗ» ЖШС бұқарамен байланыс бөлімі
Back to news list