Сенаторлар зауыт өндірісімен таныс болды

14.09.2018
1170 views
Қыркүйектің сегізінші жұлдызында Атырау мұнай өңдеу зауыты арнайы Атырау облысына сапар шеккен сенаторларды қабылдады. 

      Кез-келген қаланың қонақтары біздің зауытымздың табалдырығын аттамай кетпейтіні көңілге қуаныш сыйлайтындығы жасырын емес. Кезекті қонақтарымыз да солардың қатарында.
12 адамнан құралған делегация Атырау мұнай өңдеу зауытының территориясын аралап, ұзақ жылдық тарихы бар зауытта салынған және іске қосылып жатырған жаңа қондырғылармен таныс болды. Зауыттың өмірін Бас директор Ғалымжан Амантурлин таныстырып, қонақтарға зауытты аралатты.
     Олардың қатарында ҚР Парламент сенаты Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің мамандары мен Қазақстан халқы Ассамблеясының мамандары зауытымызға ат басын тіреген болатын.
Келген меймандар өздерін қызықтыратын сұрақтарын қойып, оған мардымды жауаптар алды. Зауыт басшылығы мен мамандарға алғыстарын білдіріп, алдағы жұмыстарына сәттілік пен ары қарай гүлдене беруді тіледі. 

Back to news list

Keep up with the latest news.
Subscribe newsletter!
Subscribe