«Атырау МӨЗ» қызметкерлер арасында тіл мерекесі өткізілді

29.09.2017
1191 views

Қазақстан халқы тілдері күніне арналған «Атырау МӨЗ» ЖШС құрылымдық бөлімшелері мен цехтары арасында байқау ұйымдастырылды.
«2011-2020 жылдарға арналған тілдерді қолданудың және дамытудың мемлекеттік бағдарламасын» іске асыру, зауыттықтарды мемлекеттік тілді үйренуге тарту. Оқу үрдісінде мемлекеттік тілді игерген қызметкерлерді анықтау мақсатында ұйымдастырылған байқауға жеті қызметкер қатысты. 

Бұл додада қатысушылар өзін-өзі әңгіме немесе өлең түрінде таныстырса, екінші аталымда қазақ халқының ұлы ақындарының өлеңдерін жатқа айту, үшінші аталымда қатысушылардың сөздік қорын тексеру, төртінші бөлімде сөйлемді жалғастыру, бесінші аталымда берілген сөйлемнің ішінде жақшаға алынған сөзді қазақ тіліне аударды.
Байқау Қазақстан Республикасының Әнұранымен  ашылды. Жиында сөз алған оқу орталығының қазақ тілі пәнінің оқытушысы Ғалия Исмурзина тәуелсіз елдің мемлекеттік тілі мәртебелі де тұрақты болып, өрістеп дамуына үлес қосу-жас жеткіншектердің жауапкершілігінде болатын міндет екендігіне тоқталып, ана тіліміздің мерейлі мерекесімен құттықтап, байқаудың маңыздылығы мен ерекшелігіне тоқталды.
Шара барысында қатысушылар В. Балабанов пен Ж.Ажыхановтар өздерінің әнге деген қабілеттерін аңғартып, әннен шашу шашты.
Байқау нәтижесінде сайыстың бірінші аталымындағы өзін-өзі таныстырудан бірінші орынды В.Балабанов пен екінші орынды А.Цой өзара бөлісті. Ал байқаудың екінші аталымында қазақ ақындарының өлеңдерін жатқа айтудан Р.Шпакка бұйырса, доданың үшінші және төртінші аталымында  М.Бочков пен  М. Джумалиева жүлдегер атанды.  Сайыстың бесінші бөлімі жақша ішіндегі орыс тілінде жазылған сөздерді қазақ тіліне аудару аталымында бірінші және екінші орындарға А.Шарафеденов пен Ғ.Еркебаевтар ие болды.

 «Атырау МӨЗ» жұртшылықпен байланыс бөлімі 

 

Back to news list

Keep up with the latest news.
Subscribe newsletter!
Subscribe