«Атырау МӨЗ» ЖШС жоспарлы күрделі жөндеу жұмыстарын жоспарланған мерзімінен бұрын аяқтады. Кәсіпорынның, сондай-ақ мердігерлік ұйымдардың және жөндеу қызметтерінің жедел жұмысының нәтижесінде, күрделі жөндеу жүргізу кезеңіне жоспарланған барлық жұмыстар кестеден жеті тәулік бұрын аяқталды.
Бұған дейін хабарланғанындай, ҚР Энергетика Министрлігі бекіткен алдын ала жоспарлы жөндеу кестесіне сәйкес, зауытты толықтай тоқтатып күрделі жөндеуден өткізу 2017 жылдың 18 тамыздан бастап 29 кыркүйек аралығында өткізілуі тиіс еді.
Back to news list