Мұнайды терең өңдеу кешеніндегі нафтаны сутекпен тазалау (титул 3204) және жеңіл бензинді бөлінділерді изомеризациялау (3211) секцияларында қалыптар мен жылу алмастырғыштарға ішкі және сыртқы тексеру жұмыстары жүргізілді.
Жұмыстар МТӨК цехы мамандары, техникалық бақылау бөлімі, ҚР ИДМ Атырау облысы бойынша Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті департаментінің мемлекеттік инспекторлары және №4 «Sinopec Engineering Group Co., Ltd» басқармасы өкілдерінің қатысуымен жүзеге асты. Сондай-ақ, аталмыш мамандардың қатысуымен және тәуелсіз ABE&K техникалық бақылау мен «КранБурСервис» компаниясының қатысумен, жеңіл бензин бөлінділері секциясында, жүккөтергіш механизмдерді сынақтан өткізу жұмыстары сәтті аяқталды. Сынақ жұмыстары келесі позициялар бойынша жүргізілді: МЕ-002, МЕ-003 – 5 тонна; МЕ -006 - 2 тонна; МЕ-004, МЕ-005 - 5 тонна; МЕ-007 – 1 тонна.
АМӨЗ Бұқарамен байланыс бөлімі
Back to news list