Зауыт ішіндегі кибер жарыс

31.08.2017
1146 views

Атырау МӨЗ жастары арасында киберспорт турнирі өтті. Жарсықа 50-ден астам адам қатысты. Турнирді ұйымдастырушы Атырау МӨЗ жастар ісі жөніндегі кеңесі.

Шараның мақсаты зауыт жастарының бос уақытын тиімді пайдалану және қызметтен тыс кездегі достық қарым-қатынастарын нығайту. Сайыс ойынның екі түрінен ұйымдастырылды. Бірі жастардың командалық шамасын анықтаса, екіншісінде қатысушылар жекелей сынға түсті.
  Нәтижесінде командалық есепте «МУ7» командасы бірінші, «КГПН» командасы екінші және  «Sinopec Engineering (Group) Co. LTD» компаниясының қызметкерлерінен құралған «Sinopec» командасы үшінші орынды иеленді. Жеке ойыншылар арасында өткен кезеңде технологиялык қондырғы операторы  Азамат Суйесинов бірінші орынға ие болса, екінші орынды Технологиялык қондырғы операторы Ерназар Қадірлі еншіледі. Ал, аппаратшы Шынболат Каналиев үшінші орынға табан тіреді.
  Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер бағалы және ақшалай сыйлықтармен, дипломдармен марапатталды. Жастар ісі жөніндегі кеңес мүшелерінің айтуынша, бұндай жарыстар алдағы уақытта да ұйымдастырылмақ.

"АМӨЗ" ЖШС бұқарамен байланыс бөлімі

Back to news list

Keep up with the latest news.
Subscribe newsletter!
Subscribe