Атырау мұнай өңдеу зауытында жоспарлы күрделі жөндеу басталды

17.08.2017
1236 views

     

 Атырау мұнай өңдеу зауытында бүгін, яғни, 18 тамызда жоспарлы күрделі жөндеу басталды. 29 қыркүйекке дейін жалғасатын жұмыс барысында тұңғыш рет кәсіпорын толықтай өндіріс процесін тоқтатады. 

     Бұл кезеңде технологиялық қондырғылардың ұзақ мерзімге сенімді әрі қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ету үшін кешенді шаралар жоспарланған.
Күрделі жөндеуге дайындық барысында «Атырау МӨЗ» ЖШС мамандары зауыттың барлық технологиялық қондырғыларын нақты зерделеп, жөндеуге қатысты мәселелерді пысықтап алды.  Жоспар бойынша барлық ескірген қондырғыларды жаңғырту толығымен жүзеге асырылмақ. Аппараттар мен сауыт ыдыстар техникалық жағынан зерделенеді, сорғы насосты қоныдырғылар мен компрессорларға және технологиялық пештер, құбыр өткізгіштерге толыққанды жөндеу жүргізіледі.         
     Болашақта зауыт үш-төрт жылда жүргізілетін аралық жөндеу жұмыстарына көшу жоспарланған.
Мұнай өңдеу зауытындағы жоспарлы күрделі жөндеу процесі жанармай нарығындағы тұрақтылыққа ықпал етпейді. Кәсіпорынды күрделі жөндеуге тоқтатар алдында зауыттың арнайы резервуарларына қажетті көлемде әлеуметтік маңызы бар мұнай өнімдері жинақталған. Жанармай жинағы аймақтың сұранысын қамтамасыз етуге толық мүмкіндігі бар.
    Атырау мұнай өңдеу зауытын күрделі жөндеуге тоқтату ҚР Энергетика министрлігімен келісілген.

 

Атырау МӨЗ бұқарамен байланыс бөлімі

 

Back to news list

Keep up with the latest news.
Subscribe newsletter!
Subscribe