Кәсіподақтар марапатына иеленді

09.06.2017
1225 views

10 Маусым- Қазақстан Кәсіподақтарының құрылған күні. Атырау мұнай өңдеу зауытында кәсіподақтар жұмысы зор маңызға ие. Еңбек адамының мүддесі мен құқын қорғауда кәсіподақтың ролі айрықша. Зауытта әлеуметтік қатынастарды қалыптастыруға, жұмысшылардың құқықтық сауаттылығы мен белсенділігін арттыруға, еңбеккерлердің отбасына қолдау көрсетуде кәсіподақ комитетінің оң ықпалы бар. Оны кәсіпорын қызметкерлері айқын сезінеді. Сондықтан да осы ұйымға сенім артады. Кәсіподақтар мерекесі қарсаңында зауыттың өндірістік бөлімше басшылары мен бөлімшелердегі кәсіподақ ұйымының жетекшілері салтанатты жиында бас қосты. 

Салтанатты ашқан зауыт кәсіподақ комитетінің төрағасы Қанат Қабденов жиналғандарды кәсіподақтардың күнімен шын жүректен құттықтады: – Зауыт кәсіподағы үшін оның әрбір мүшесі мен ұжым біртұтас. Сондықтан да біз әрбір жұмысшы мүддесін қорғау арқылы ұжымды біріктіре түсеміз. Бұрын кәсіподақтарда игі дәстүр болды. Ол төл мерекесінде еңбеккерлдерді марапаттау. Біз осы дәстүрді жаңғыртып отырмыз. Бұл ескіні аңсау емес, қайта осындай шаралар қызметкерлерге жаңа серпін береді, жұмысын ынталандырмақ. Кәсіподақ комитеті зауттың бас директорымен және салалық кәсіподақтар келісімімен Құрмет грамотасы мен Алғыс хат беру жүйесін бекіттік. Ол үшін марапаттау ережесін, тәртібін жасадық. Кәсіподақ марапатына әрбір бөлімше немесе аутсорсингтік компания басшысы мен кәсіподақ жетекшілері қол қойып еңбеккерлерін ұсынады. Оны кәсіподақ комитетінің арнайы жиналысында қарап, шешім шығарамыз. Әрбір марапатқа қоса берілетін ақшалай сыйлығы бар. Оны кәсіподақ қаржысынан бөлеміз,-деп атап өтті ұйым басшысы.

       Сондай-ақ, кәсіподақтар күнімен ұжымды басшылық атынан бас инженердің орынбасары Еркін Сүлейменов пен персоналдарды басқару бөлімінің бастығы Әсел Жайлашевалар құттықтады.

     Салтанат соңында кәсіподақ төрағасы қызметкерлерді Құрмет грамоталары, Алғыс хаттармен марапаттады. Құрмет грамотасына қоса 30 мың теңге, Алғыс хатқа 20 мың теңге сыйақы табысталды.

 

Back to news list

Keep up with the latest news.
Subscribe newsletter!
Subscribe