Экологиялық ахуал ақпараты

07.04.2017
1238 views

(2016 жылдың 30 наурызы  мен 5 сәуір аралығы)

   Жайық өзенінен өндірістік мұқтаждыққа алынған су көлемі 102 200 м3.   құрады. Су алу лимиттен асқан жоқ. Буландыру тоғанына биологиялық тазартылған сарқынды су көлемі 55 295 м3 құрады. Қайтара тұтынуға сарқынды судың  17 589 м3, яғни, 24,1 %  тазартылып жіберілді. «ОЗЗ» сынақ орталығының санитарлық-өнеркәсіптік зертханасымен зауыт мен цехтардың өндірістік ағынды суларының сапасына 484 зерттеу, айналма сулардың сапасына 97, санитарлық-қорғаныш аймағы мен зауыттың өнеркәсіптік алаңы мен  өндірістік ғимараттардың қоршаған ортасын зерделеуге 308 зерттеу жүргізілді. Сондай-ақ, кәсіпорынның санитарлық-қорғаныш аймағындағы атмосфералық ауаның сапасы 3961 автоматты түрде зерттелді. Мердігер зертханамен зауыттан 2,3,4 шақырым қашықтықта атмосфералық ауаның сапасына 39 зерттеу жүргізілді. Ауаны ластайтын заттардың  шығарылуы тұрғын елді мекендерде санитарлық-гигиеналық нормалардан асқан жоқ. 

Back to news list

Keep up with the latest news.
Subscribe newsletter!
Subscribe