Өтесін Уандықов, Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі бөлімінің бастығы:
Елбасының жыл сайынғы Жолдауын Қазақстан халқы әрдайым асыға күтеді. Себебі, мемлекет басшысы өз Жолдауында елдің барлық маңызды салаларының жұмысына объективті баға беріп қоймай, мемлекет мен қоғамның әл-ауқатын әрмен қарай көтерудің басты бағыттарын белгілейді.
Биылғы халыққа Жолдау, менің ойымша, біршене себептер бойынша өте маңызды боп саналады.
Біріншіден, бүкіләлемдік экономикалық дағдарыс салдарына байланысты ел ішіндегі қаржылық-экономиқалық жағдайды қалыпты ұстап қалу мақсатында біраз шараларды белгілеуге бағытталған.
Екіншіден, әлемдегі саясат пен соғыс қатерінің бейбір жағдайларына Қазақстанға көршілес Ресей мен Түркия елдерінің қатысты болуы. Елбасы бұл жағдайға қатты алаңдаушылық білдіріп, еларалық қарым-қатынастардың оңтайлы шешімін табуға жұмыстануда.
Үшіншіден, Жолдау әрқашанда Қазақстан халқының тұрмыс жағдайын арттыруға бағытталған әрекеттердің нақты жоспарын және алдын ала белгіленген болашақ дамудың орындалуын қамтиды.
Жолдаудың бастан-аяқ мағынасы еліміздің тұрақтылығы мен тиянақтылығын терең қамқорлау, қол жетізген нәтижелердің мықтылығы мен жалпы прогресі, сонымен қатар болашақ бағыттың жоғары және нақты деңгейін қамтиды.
Елбасы Үкімет алдында мемлекет бюджетінің көптеген шығыс баптарын қайта қарау немесе қысқарту туралы нақты тапсырма қойды. Бірақ көңілге қонарлық жай Елбасының табысы төмен отбасылардың, зейнеткерлер мен бюджет саласы қызметкерлерінің әлеуметтік ынталандыру шараларын сақтап қалудағы нақты көзқарасы болды.
Back to news list