11 айдың қорытындысы бойынша, мұнайды өңдеуде және мұнай өнімдерін шығаруда жоспар толықтай орындалды. Ол 100 пайыздан асты десек артық айтпаймыз. Бүгінде біз жоспардан тыс 27,5 мың тонна мұнай өңдедік. Жылдық жоспар бойынша: - автокөлік бензині 16 желтоқсанға қарай 587,1 мың тонна; - дизельді отыны 29 желтоқсанға қарай 1 370,3 мың тонна; - вакуумды газойл 22 желтоқсанға қарай 808,1 мың тонна орындалады. 2016 жылдың 12 желтоқсанында реактивті отын өндірісі (116%), пеш отыны (100,2%), бензол (125,6%), сұйытылған газ (113,5%), күкірт шығару (124,3%) орындалды. Жыл аяғына дейін қосымша: · автобензин – 32 мың.тонна; · дизельді отыны – 1,5 мың.тонна; · сұйытылған газ – 7,1 мың тонна өндіріледі.
«Атырау МӨЗ» ЖШС Бұқарамен байланыс жөніндегі бөлімі
Back to news list