Экологиялық ахуал ақпараты

24.11.2016
1330 views

(2016 жылдың 17 қараша мен 23 қараша аралығы)

   

Жайық өзенінен өндірістік мұқтаждыққа алынған су көлемі 106 900 м3  құрады. Су алу лимиттен асқан жоқ. Буландыру тоғанына биологиялық тазартылған сарқынды су көлемі 51 959 м3 құрады. Қайтара тұтынуға сарқынды судың  21 603 м3, яғни, 29,0%  тазартылып жіберілді. «ОЗЗ» сынақ орталығының санитарлық-өнеркәсіптік зертханасымен зауыт мен цехтардың өндірістік ағынды суларының сапасына 447 зерттеу, айналма сулардың сапасына 85, санитарлық-қорғаныш аймағы мен зауыттың өнеркәсіптік алаңы мен  өндірістік ғимараттардың қоршаған ортасын зерделеуге 281 зерттеу жүргізілді. Сондай-ақ, кәсіпорынның санитарлық-қорғаныш аймағындағы атмосфералық ауаның сапасы 3 337 автоматты түрде зерттелді. Мердігер зертханамен зауыттан 2,3,4 шақырым қашықтықта атмосфералық ауаның сапасына 39 зерттеу жүргізілді. Ауаны ластайтын заттардың  шығарылуы тұрғын елді мекендерде санитарлық-гигиеналық нормалардан асқан жоқ.

 

 

Back to news list

Keep up with the latest news.
Subscribe newsletter!
Subscribe