Мұнайды тереңдетіп өңдеу кешені құрылысының мәселелері талқыланды

12.10.2016
1416 views

11 қазанда «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мұнай мен газды өңдеу жөніндегі аға вице-президенті Данияр Тиесовтің төрағалығымен өткен мәжілісте Атырау мұнай өңдеу зауытында жүзеге асырылып жатқан мұнайды тереңдетіп өңдеу кешені құрылысының келелі мәселелері талқыланды.

Мәжіліске «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мұнай өңдеу зауыттарын жаңғырту жобалары жөніндегі басқарушы департаменті директорының орынбасары Алексей Сомомянко, «Атырау МӨЗ» ЖШС бас директорының міндетін атқарушы Ғалымжан Амантурлин, зауыттың құрылысты бақылаушы бөлімдер басшылары және «Sinopec Engineering (Group) Co., Ltd.», «НГСК «КазСтройСервис» АҚ, «Marubeni Corporation» компанияларының өкілдері қатысты. Атырау мұнай өңдеу зауыты бас директорының жаңғырту және даму жөніндегі орынбасары Нұрлан Кейкиннің баяндамасы мен МТӨК жобасы жөніндегі директор Ши Чжунчжоудың түсіндірмелері тыңдалды. «Sinopec Engineering (Group) Co., Ltd.» компаниясы 2016 жылдың 1 қарашасына дейін МТӨК-тің барлық нысандарында құрылыс-монтаж жұмыстарын ұйымдастыруды қамтамасыз етуге кепілдік берді. «НГСК «КазСтройСервис» АҚ 8 қарашаға дейін құрылыс алаңдарына қажетті материалдар мен құрал-жабдықтарды уақытында жеткізу мен барлық субмердігерлермен қаржылық мәселелерді шешуді міндетіне алды. Атырау мұнай өңдеу зауыты өз кезегінде 2017 жылы тартылатын щетелдік жұмыс күшіне квота рәсімдемек. Келесі мәжіліс қараша айының алғашқы онкүндігіне жоспарланды.

Back to news list

Keep up with the latest news.
Subscribe newsletter!
Subscribe