Қарттарға қамқорлық

03.10.2016
1479 views
1 қазанда Қазақстанда дәстүрлі түрде қарттар күні аталып өтілді. Бұл күні әлеуметтік саясатты ұстанатын Атырау мұнай өңдеу зауытының өкілдері облыстық қарттар мен мүгедектер интернат-үйіне барып, қарияларға сый-сияпат көрсетті. Бүгінде қарттар үйінде 102 тұрғын бар екен. Олардың бәрі де жалғысбасты қариялар санатына жатады. Олардың көпшілігінің балалары мен жақын-туыстары бар. Алайда тағдыр тәлкегімен осындай жағдайңа душар болып, мемлекет қамқорлығына алынғандар. Интерна-үйінде қарттар үшін барлық жағдай жасалған.
Мереке күні қарттар үйіне келушілер аз болмады. Барлығы да қарияларды мейраммен құттықтауға келген. Мерекелік салтантатты ашқан Атырау қаласының әкімі Серік Шапкенов облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың атынан қарттарды құттықтап, денсаулық, ұзақ өмір тіледі. Интернат- үйіне кір жуғыш машинасын сыйға тартты. Ал, Атырау мұнай өңдеу зауыты ұжымы атынан қарияларды қызметкерлерді басқару және еңбек ақы төлеу бөлімі бастығының орынбасары Гульяра Өтеғалиева мен әйелдер кеңесінің төрайымы Светлана Шапабаевалар құттықтады.  Мұнай өңдеушілер интернат-үйіне доңғалағы бар үлкен үстел мен фирмалық логотипі бар торт сыйлады. Облыстық қарттар мен мүгедектерге арналған интернат-үйінің директоры Қаламқас Күзембаева Атырау мұнай өңдеу ұжымына қамқорлығы үшін ризашылығын білдірді. Атап өткен жөн, ұарттарды қолдауға арналған «Қамқорлық» айлығы қазан айы бойы жүргізілетін болады.

Back to news list

Keep up with the latest news.
Subscribe newsletter!
Subscribe