Экологиялық ахуал ақпараты

30.09.2016
1543 views

(2016 жылдың 22 қыркүйек пен 28 қыркүйек аралығы)

Жайық өзенінен өндірістік мұқтаждыққа алынған су көлемі 101 000 м3. құрады. Су алу лимиттен асқан жоқ. Буландыру тоғанына биологиялық тазартылған сарқынды су көлемі 51 086 м3 құрады. Қайтара тұтынуға сарқынды судың 20 339 м3, яғни, 28,95% тазартылып жіберілді. «ОЗЗ» сынақ орталығының санитарлық-өнеркәсіптік зертханасымен зауыт мен цехтардың өндірістік ағынды суларының сапасына 410 зерттеу, айналма сулардың сапасына 100, санитарлық-қорғаныш аймағы мен зауыттың өнеркәсіптік алаңы мен өндірістік ғимараттардың қоршаған ортасын зерделеуге 256 зерттеу жүргізілді. Сондай-ақ, кәсіпорынның санитарлық-қорғаныш аймағындағы атмосфералық ауаның сапасы 3 582 автоматты түрде зерттелді. Мердігер зертханамен зауыттан 2,3,4 шақырым қашықтықта атмосфералық ауаның сапасына 36 зерттеу жүргізілді. Ауаны ластайтын заттардың шығарылуы тұрғын елді мекендерде санитарлық-гигиеналық нормалардан асқан жоқ.

Back to news list

Keep up with the latest news.
Subscribe newsletter!
Subscribe