Жайық өзенінен өндірістік мұқтаждыққа алынған су көлемі 91 400 м3 құрады. Су алу лимиттен асқан жоқ.
Жайық өзенінен өндірістік мұқтаждыққа алынған су көлемі 91 400 м3 құрады. Су алу лимиттен асқан жоқ. Буландыру тоғанына биологиялық тазартылған сарқынды су көлемі 51 352 м3 құрады. Қайтара тұтынуға 24 455 м3 тазартылған су жіберілді. «ОЗЗ» сынақ орталығының санитарлық-өнеркәсіптік зертханасымен зауыт мен цехтардың өндірістік ағынды суларының сапасына 417 зерттеу, айналма сулардың сапасына 78 санитарлық-қорғаныш аймағы мен зауыттың өнеркәсіптік алаңына 9, өндірістік ғимараттардың қоршаған ортасын зерделеуге 289 зерттеу жүргізілді. Сондай-ақ, кәсіпорынның санитарлық-қорғаныш аймағындағы атмосфералық ауаның сапасы 3 662 автоматты түрде зерттелді. Мердігер зертханамен зауыттан 2,3,4 шақырым қашықтықта атмосфералық ауаның сапасына 36 зерттеу жүргізілді. Ауаны ластайтын заттардың шығарылуы тұрғын елді мекендерде санитарлық-гигиеналық нормалардан асқан жоқ.
Back to news list