Сайысқа «Атырау МӨЗ» ЖШС, «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС, «ПетроКазахстан Ойл Продактс» ЖШС, «ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС секілді жалпы алғанда 6 компанияның қызметкерлерінен 54 өтінім келіп түскен. Сайыстың қорытындысы бойынша ҚМГ-ӨМ департаментінің директоры Данияр Мұхамед-Рахим «Уақытпен үзеңгілес! Вместе со временем!» ұранымен жеңімпаз атанды.
Аталған сайыста зауытымыздың жөндеу-механикалық цехының жетекші экономисті Асылбек Орынбаев та белсенділік танытып, бірқатар ұрандар нұсқасын жолдапты. – Сайысқа жалғыз мен ғана емес, отбасым да қатысты. Әуелі оларға өзім ұсынған нұсқаларды көрсеттім, кейін олар да өз нұқсаларын қосып, жинақтап, тиісті мекен-жайға жолдадық, - дейді Асылбек.
Асылбектің белсенділігі зауыт басшылығы тарапынан ескерусіз қалған жоқ. Осы аптада оған жөндеу-механикалық цехының бастығы Юрий Кустадинчев зауыттың бас директоры Қайрат Оразбаевтың және кәсіподақ төрағасы Құсайын Урымбасаровтың атынан Алғыс хат табыстады.
«Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС басқармасы,кәсіподақ комитеті және ұжымы Сізге «ҚазМұнайГаз – өңдеу және маркетинг» компаниялар тобының бірыңғай ұранын анықтау бойынша сайысына қатысқаныңыз үшін алғыс пен ризашылық білдіреді.
Сіздің мақсаткерлігіңіз, еңбекқорлығыңыз және өндіріске жаңа инновацияларды енгізу арқылы дамуға талпынысыңыз карьераңыздың жаңа табыстарына қол жеткізуге көмектеседі деп үміттенеміз!
Сізге мол денсаулық, қажымас қайрат, шығармашылық шабыт және барлық жоспарларыңыздың орындалуын тілейміз!» - делінген Алғыс хатта.
Әріптестерінің еңбегі бағаланғанына ризашылықтарын жеткізген Асылбектің ұжымдастары да оған жылы лебіздерін білдірді.
Back to news list