Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің бұйрығымен жемісті еңбегі, кәсібилігі мен жұмыстағы жоғары жетістіктері үшін «Атырау МӨЗ» ЖШС коммерциялық директоры Нұрлан Шангереев «Мұнай-газ кешенін дамытуға қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталды.
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл ауқат қоры» АҚ бұйрығымен жемісті еңбегі, кәсібилігі мен жұмыстағы жоғары жетістіктері үшін орталық аппараттың материалдық бөлім есепшісі Зурия Кайырғалиева Құрмет грамотасымен марапатталды.
"ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ-ның бұйрығымен мұнай-газ саласына қосқан үлесі үшін АТ-2 ЭТҚ басшысы Медет Зинуллин Құрмет грамотасымен марапатталды.
"ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ-ның бұйрығымен мұнай-газ саласына қосқан үлесі үшін №5 цехтың баяу кокстеу қондырғысы технологиялық сорғылар машинисі Қуат Ғабдуллин ескерткіш белгімен марапатталды.
Back to news list