Ароматикалық көмірсутектер шығару кешенін іске қосу-баптау жұмыстары бастау алды.

25.12.2014
1336 views

«Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС-нде Индустрияландыру күні шеңберіндегі жалпыхалықтық телекөпір барысында ароматикалық көмірсутектер шығару кешенін  (АКШ) іске қосу-баптау жұмыстары салтанатты жағдайда бастау алды.

Салтанатты шараға ҚР энергетика министрлігі, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ,  Атырау облыстық әкімдігі, «ҚазМұнайГаз» ҰҚ» АҚ,  «ҚазМұнайГаз – өңдеу - маркетинг» АҚ  өкілдері және т.б. қатысты.

Ароматикалық көмірсутектер шығару  кешені   (АКШ) 2010-2014 жылдарға арналған  мемлекеттік үдемелі индустриалды-инновациялық даму 
бағдарламасы аясында   салынды. 

АКШ кешенінің жобасы екі негізгі технологиялық нысан құрылысын қамтиды: катализаторды үздіксіз қалпына келтіретін каталитикалық  риформинг қондырғысы,  бензол алу және ароматикалық көмірсутектер шығару қондырғысы. Кешенді екі режимде пайдалануға болады:  жоғарыоктанды тауарлық бензин маркаларын дайындау үшін жоғарыоктанды компоненттер шығару (АИ-92, АИ – 95, АИ – 98);   мұнай-химия бағыты – ароматикалық көмірсутектер өндірісі (бензол – 133 мың тонна/жыл және  параксилол 496 мың тонна/жыл). Бензол мен параксилол  -  мұнай-химия өнімдерінің кең ассортиментін, соның ішінде капрон, пластикалық масса, пластмассалық талшықтар шығаруда шикізат ретінде қолданылатын жоғары сұранысқа ие мұнай өңдеу өнімдері. 

Салтанатты шара барысында  ароматикалық көмірсутектер шығару кешенін іске қосу-баптау жұмыстарының басталғандығы жөнінде Мемлекет басшысына   «АМӨЗ» ЖШС бас директоры Қайрат Оразбаев мәлімдеді.

«Біз қондырғының іске қосу сынақтарына көшпекпіз. Бұл елімізді К-3 экологиялық класына сай  келетін  мұнай өнімдерімен  қамту ісіне біздің  қосар үлесіміз.Жобаны жүзеге асыра отырып, құрамында бензол мен ароматикалық көмірсутектері аз автокөлік бензинін қолдану арқылы табиғатқа  келетін  зиянды әсер  азаяды», - деді  ол өз сөзінде.  

Технологиялар лицензиары - мұнай өңдеу және мұнай-химия өндірісіндегі технологияларды лицензиялау саласындағы әлемдік көшбасшы саналатын француздық “Axens” компаниясы. 

АКШ кешені құрылысына 4500-ден астам жұмысшы қатысқан, пайдалану кезінде 160-тан астам жаңа жұмыс орны ашылмақ.

Back to news list

Keep up with the latest news.
Subscribe newsletter!
Subscribe