Мұнайды тереңдетіп өңдеу кешенінінң құрылысы қарқын алды. Алып құрылыс алаңында жүздеген мамандар мен жұмысшылар еңбек етуде. «Sinopec Engineering (Group) Co. LTD» ҚФ нысандарында, атап айтқанда, 10 технологиялық қондырғы мен 10 жалпызауыттық нысанда құрылыс-монтаж жұмыстары жүруде. «Цехаралық технологиялық және жылутехникалық коммуникациялар» 3214 титулында құрылыс 14 секторда, «Сумен жабдықтау және кәріз» 3601 титулында 4 секторда жұмыстың қызған шағы. Құрылыс алаңында 739 жұмысшыны құрайтын 30 субмердігер компания жұмылдырылған. Сондай-ақ, «Sinopec Engineering (Group) Co. LTD» Қазақстан филиалының 69 өкілдігі бар.
…Биіктігі ондаған метр боларлық алып металл құрылмалар, технологиялық қондырғылар, кейбір жерлерде құрылғылар орнатылып жатыр. Мұның бәрі де келешек технологиялар. Дәнекерлеушілердің жарқ-жұрқ еткізген отты құралы, темірді кесетін араның дыбысы мен балғаның соғысы, келімді-кетімді жүк көліктерінен түсіріліп жатқан материалдар. Бір сөзбен айтқанда, жұмыс қызып жатыр. Жұмысшылардың бәрі де бір үлкен іске жұмылған.
- Құрылыс жұмыстары, көріп отырсыздар аяқталуға таяу,-дейді МТӨК (SEG) құрылысы бөлімінің құрылыс жөніндегі маманы Абзал Жағыпаров. – Құрылыстың негізгі діңгегі- іргетасы. Ол берік әрі шыдамды, яғни, сапалы болуы шарт. Себебі, мына алып металл құрылғыларды мызғымай ұстап тұруы қажет. Сондықтан да іргетас бетонын құю кезінде қатаң бақылау жүргізілді. Строительные работы, можно сказать, на стадии завершения, - говорит специалист Алдымен, жердің тығыздығы жөнінде зертханалық зерттеу жүргізілді, жер асты суының болмауы тексерілді. Содан кейін барып, бетон құю жұмыстары басталды. Іргетасты кұю бірнеше кезеңнен тұрады. Алғашқыда биіктігі 10 см. бетон құйылды, оған ауырлықты ұстайтын арматура байланды. Оны белігілі бір уақыт өткен соң, тәуелсіз геодезистер сынақтан өткізді. Сапасы оң нәтиже көрсеткен соң ғана толықтай іргетасы құйылды. Қысқы мезгілде де, жазда да бетон құюдың өзіндік талаптары бар. Мәселен, қыста цемент 50 минуттан соң қата бастайды. Сондықтан оған арнайы қоспа араластырылады. Осылайша, оның күштілігі жойылмай сақталады. Ал, бетонның сапасы арнайы зертхананың қатаң бақылауында болады. Бүгінде тоқталып өткендей, құрылыс жұмыстары, оның ішінде бетон құю жұмыстары аяқталды. Металл құрылғыларды монтаждау мен қондырғыларды орнату жүргізіліп жатыр. Жұмыс ырғағы көріп отырғандай, өте қарқынды.
3203 титулы 3 секциядан тұрады: алкифайнинг қондырғысы, олигомеризация қондырғысы және сутектендіру қондырғысы.
- Alkyfining қондырғысы Sulfrex (0500) қондырғысынан келетін шикізатты алдын ала өңдеуге арналған. Сонымен қатар ол олигомеризация қондырғысы (1600) мен полибензинді сутектендіру қондырғысында (2600) ары қарай өңдеуге мүмкіндік береді. Жобалық қуаттылығы бірінші нұсқада жылына 440,80 мың тонна, екінші нұсқа бойынша жылына 363,80 мың тонна шикізатты өңдеуге қауқары бар. Екінші қондырғының мақсаты полимер-керосин мен полимер-бензин фракциясымен бірге Alkyfining (0600 қондырғысы) қондырғысынан келетін изобутен және қалыпты бутендерді, пропиленді терең олигомеризациялайды. Олигомеризация блогының өндірістік өлшем көлемі сығылған газ бойынша жылына 440,34 мың тоннаны құрайды. Ол өз кезегінде алкифайнинг блогының өнімділігіне сәйкестендірілген. Полимер-бензинді сутектендіру қондырғысы олефинді полимер-бензинді сутектендіру,-дейді МТӨК ауысым бастығы Дәурен Қадыров.
Мұнда барлық құрылыс жұмыстары аяқталған. Дәнекерлеу жұмыстары үшін сатылар жасақталуда және болттар қатайтып тартылуда. Қондырғыларға қызмет көрсететін алаңдар керамзит-бетонмен құйылады, себебі, ол басқа бетондарға қарағанда жылуды ұзақ ұстап тұра алады. – Бұл құрылыс алаңында металл құрылғыларды монтаждау жұмыстары жүргізілуде, одан соң қондырғыларды орнату басталады,- деп жалғастырды кешен құрылысымен таныстырып жүрген Абзал Жағыпаров. – Іргетасы отырып кетпес үшін, оған арнайы қоспа араластырылған бетон құйылады. Құрылыс жөніндегі маман сөз арасында құрылыстың кезең-кезеңмен жүргізіліп жатқанын тілге тиек етті. Металл құрылғылар құрастырылған соң, дәнекерлеу жұмыстары басталады. Қондырғылар монтаждалады. Монтаждаушылармен бір мезгілде құрылыс алаңында электриктер мен өлшеу құралдарын бақылау мамандары да жұмыс жүргізеді. Көзге бірден түсетін аралық өнімдерді жинайтын ыдыстар секілді алып қондырғылардың кейбірі алаңда орнатылған.
Металл құрылғыларды құрастыру жұмысы каталитикалық крекингтің нафтаны сутектендіру қондырғысында (3206 титулы) қарқын алған. Бұл қондырғы бензиннің октан өлшемін көп жоғалтпай бензинді катакренинг сутектендіру арқылы ТАМЕ этерификациясы секциясына шикізат, Naphtha HT нафтаны сутектендіру секциясына шикізаттар дайындау мақсатында каталитикалық крекинг бензинін тазалауға арналған. Қарапайым сөзбен айтқанда, аталған қондығының мақсаты – тауарлық бензиннің ішіндегі күкіртті қосындылардың мөлшерін мейлінше азайту. Атап айтқанда, Евро 4 талаптарына сәйкес соңғы өнімде күкірт мөлшері 30 ppm, ал, Евро 5-те 10 ppm аспауы шарт. Қасындағы газойлды гидротазалайтын «Prime D» (2000 секция) аталатын қондырғы керосин мен дизель отынын күкіртсіздендіруге арналған.
«R2R» (3201титул) каталитикалық крекинг қондырғысында технологиялық құрылғылар монтаждалуда. – Мұнайды тереңдетіп өңдеу кешені іске қосылғанда, катакренинг былай айтқанда, зауыттың жүреге болмақ,-дейді Дәурен Қадыров. – Мұнда атмосфералық айдамалдаудың сарқындылары (AR, мазут), ауыр газойл (ТГО 320-370), вакуумды газойл (ВГО 370+), ауыр газойлды кокстеу, ароматикалық өндіріс кешеніндегі ауыр рафинад пен ауыр ароматикалық қосындыларды, сондай-ақ осы кешеннен сығылған көмірсутекті газын (СУГ) және бензин мен жеңіл газойл катакрекингі (ЛГКК) сияқты құнды өнімдері өңделіп алынады. Қондырғы технологиясы француздың Axens компаниясымен жасақталған. Қондырғының атауы -«R2R», мұнда бір реактор мен екі регенератор орналасқан. Қуаттылғы- жылына 2,5 млн. тонна өнім шығаруға қауқарлы.
- МТӨК құрылысы бірінші маңызға ие осы каталитикалық крекинг қондырғысынан басталды,-дейді Абзал Жағыпаров. – Мұнда алаңдардың бәрі дерлік құйылған. Дәнекерлеу жұмыстары мен ұсақ-түйек өңдеу қажет. Сонымен қатар технологиялық пештерді монтаждау басталды. Жалпы барлық құрылысы нысандарында жұмыс тоқтаусыз жалғасуда. Апта сайын басшылық құрылыстың жүру барысын саралап, өзекті мәселелерін шешіп отырады.
Back to news list