Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!

04.11.2026
9 views
Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!
2026 жылдың 6 қарашасы сағат 11:00-ден 12:00-ге дейін Атырау мұнай өңдеу зауытының аумағында Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің басшылығымен республикалық өрт-тактикалық оқу-жаттығу өтеді.
Іс-шараға ТЖД мен «Семсер-Өрт сөндіруші» ЖШС-нің 25 бірлік арнайы техникасы жұмылдырылады.

Мақсат – өрт сөндіру-құтқару бөлімшелерінің төтенше жағдай кезіндегі іс-қимылдарын пысықтау және олардың жедел әрекет етуге дайындығын тексеру.

Қала тұрғындары мен қонақтарынан сабыр сақтауды сұраймыз!

Оқу-жаттығу жоспарлы түрде өткізіледі.

Back to news list

Keep up with the latest news.
Subscribe newsletter!
Subscribe