Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша байқау жеңімпаздары марапатталды

29.10.2026
38 views
Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша байқау жеңімпаздары марапатталды
Атырау мұнай өңдеу зауытында (Атырау МӨЗ) «Аман» жобасы аясында еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша байқау жалғасуда.

Бүгін III тоқсанның қорытындысы шығарылып, үш номинацияның жеңімпаздары марапатталды:

• «Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша үздік өндіріс» – Су тұтыну цехы;
• «Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша үздік зертхана» –Санитарлық-өнеркәсіптік зертхана;
• «Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша үздік қызметкер» – ҚМГ-ның Өмірлік маңызды қағидаларын білуге арналған онлайн тестілеуде ең жоғары ұпай жинаған 31 қызметкер.

Тестілеу қорытындысы бойынша ең жоғары нәтиже көрсеткен 3 қызметкер ерекше атап өтілді. Байқауға барлығы 90 адам қатысты.

«Біздің зауытта күн сайын күрделі әрі жауапты жұмыстар атқарылады. Алайда ешбір өндірістік міндет адам өмірі мен денсаулығынан маңызды емес. Қауіпсіздік тек байқаулар, тексерулер мен марапаттаулардан тұрмайды. Ол әрқайсымыздың күнделікті жауапкершілігімізден басталады. Қауіп-қатерді дер кезінде байқау, қауіпсіздік талаптарын сақтау және жазатайым оқиғалардың алдын алу – ортақ міндетіміз. Бірлескен жұмыстың арқасында зауыттағы қауіпсіздік мәдениетін одан әрі нығайта аламыз деп сенемін», – деді жеңімпаздарды марапаттаған Атырау МӨЗ бас директоры Мұратжан Мұсайбеков.

Байқауды зауыттың қауіпсіздік және еңбекті қорғау қызметі кәсіподақ ұйымымен бірлесіп өткізеді. Оның мақсаты – қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру және өндірістік жарақаттанудың алдын алу.


«Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС баспасөз қызметі

Back to news list

Keep up with the latest news.
Subscribe newsletter!
Subscribe