«Ашық аспан» жобасы: АМӨЗ ашықтықты арттыру жолында тағы бір қадам жасауда

29.10.2026
64 views
«Ашық аспан» жобасы:  АМӨЗ ашықтықты арттыру жолында тағы бір қадам жасауда
Атырау мұнай өңдеу зауытында («АМӨЗ» ЖШС) «Ашық аспан» жобасы іске қосылды. Енді АМӨЗ-дің экологиялық бекеттерінен алынған деректер Қазгидрометке әр 20 минут сайын беріліп отырады.
Бастама аясында АМӨЗ-дің атмосфералық ауа сапасын мониторингтеудің автоматты станцияларынан алынған деректерді Қазгидрометке тікелей беру көзделген. Ақпарат атмосфералық ауа сапасын мониторингтеуге арналған ECO-WEB арнайы платформасы арқылы әр 20 минут сайын жіберіледі. Бұл тетік экологиялық мониторинг деректерін беру процесінде АМӨЗ-дің ішкі серверлік инфрақұрылымының қатысуын толығымен жояды.

Қазіргі уақытта Қазгидромет мамандарымен бірлесіп жүйені баптау және  тестілік режимде деректерді жіберу жұмыстары жүргізілуде.

Back to news list

Keep up with the latest news.
Subscribe newsletter!
Subscribe