Румыниялық студенттер Атырау МӨЗ-де болды

20.10.2026
14 views
Румыниялық студенттер Атырау МӨЗ-де болды
2026 жылдың 20 қазанында Атырау мұнай өңдеу зауытының (Атырау МӨЗ) мамандары академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінде білім алып жатқан Румынияның Плоешти мұнай-газ университетінің студенттері үшін таныстыру экскурсиясын өткізді.
Іс-шара барысында қонақтар зауыттың негізгі технологиялық қондырғылары, мұнай өңдеу кезеңдері, сондай-ақ өндірістік процесте қолданылатын технологиялар туралы ақпарат алды. Студенттер дайын өнім сапасын бақылау, көмірсутекті газдарды өңдеу және күкірт өндіру мәселелеріне ерекше қызығушылық танытты.

Кейін делегация Атырау МӨЗ-дің мұражайын аралап, Қазақстандағы алғашқы мұнай өңдеу зауытының салыну және даму тарихымен танысты.

Сапар соңында студенттер экскурсияны ұйымдастырушыларға алғыс айтып, өндірістік процестермен толығырақ танысу үшін зауытқа қайта келуге ниетті екендерін жеткізді.


«Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС баспасөз қызметі

Back to news list

Keep up with the latest news.
Subscribe newsletter!
Subscribe