Атырау МӨЗ-дің экопосттарындағы деректер сайтта көрсетіледі

08.10.2026
8 views
Атырау МӨЗ-дің экопосттарындағы деректер сайтта көрсетіледі
Атырау мұнай өңдеу зауытының атмосфералық ауа сапасын автоматты бақылау бекеттерінен алынатын деректер енді кәсіпорынның ресми сайтында қолжетімді.
Сайттың басты бетінде зауыттың санитарлық-қорғау аймағының шекарасында орналасқан «Перетаска», «Химпоселок», «Мирный» және «Пропарка» экологиялық посттарының көрсеткіштері нақты уақыт режимінде көрсетіледі.

Қала тұрғындары атмосфералық ауадағы күкіртсутек (H₂S), азот оксиді (NO), азот диоксиді (NO₂), күкірт диоксиді (SO₂), көміртек оксиді (CO) концентрациясын, сондай-ақ желдің бағытын бақылай алады. Деректер тікелей «Қазгидромет» РМК-дан алынып, әр сағат сайын жаңартылады. Сонымен қатар, экопосттардағы деректерді зауыт аумағына кіреберісте орналасқан LED-экраннан да көруге болады.

Атырау МӨЗ-де экологиялық мониторинг жүйесі 2010 жылдан бері жұмыс істейді. Ол атмосфералық ауаның сапасын үздіксіз бақылауға мүмкіндік береді.

Қоғам алдындағы ашықтық – зауыт қызметінің негізгі қағидаттарының бірі. Кәсіпорын қала тұрғындарын экологиялық қызметі және оның нәтижелері туралы тұрақты түрде ақпараттандыруды жалғастырады.

«Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС баспасөз қызметі

Back to news list

Keep up with the latest news.
Subscribe newsletter!
Subscribe