Атырау МӨЗ маусымаралық дизель отынын өндіруге көшеді

14.09.2026
14 views
Атырау МӨЗ маусымаралық дизель отынын өндіруге көшеді
2026 жылдың 20 қыркүйегінен бастап «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС МЕМСТ 32511-2013 талаптарына сәйкес ДТ-Е-К4 және ДТ-Е-К5 маркалы маусымаралық дизель отынын өндіруге көшеді.
Өндірілетін отынының шекті сүзгілеу температурасы минус 5 °С-тан аспайды. Бұл маусымаралық дизель отынына қойылатын талаптарға сәйкес келеді.
Өнімнің төмен температурадағы қасиеттерін жақсарту, сондай-ақ өндіріс көлемін қазіргі деңгейде сақтау үшін депрессорлық-диспергирлеуші қоспа пайдаланылады.


«Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС баспасөз қызметі

Back to news list

Keep up with the latest news.
Subscribe newsletter!
Subscribe