Құрылтай депутаттарын сайлау қарсаңында Атырау мұнай өңдеу зауытында бас директор Мұратжан Мұсайбековтің төрағалығымен жиын өтті.
Жиын барысында қызметкерлерге алдағы сайлауға қатысудың ережелері мен тәртібі түсіндірілді. Сондай-ақ сайлау күні жұмысшылардың дауыс беруін және кәсіпорындағы жұмыс процесін тиімді ұйымдастыруға қатысты мәселелер қаралды.
Бас директордың бастамасымен зауытта қызметкерлер арасында саяси науқанға қатысты ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін арнайы штаб құрылды. Арнайы штабқа бас директордың орынбасары Сәлімжан Нақпаев төрағалық етеді.
Ұжым алдында сөз сөйлеген Мұратжан Мұсайбеков сайлауға қатысу – әр азаматтың конституциялық құқығы ғана емес, сонымен қатар азаматтық жауапкершілігі екенін атап өтті.
«Әрқайсымыз еліміздің болашағы үшін жауаптымыз. Сайлауға қатысу – өз ұстанымымызды білдіріп, мемлекетіміздің одан әрі дамуына үлес қосудың мүмкіндігі. Сондықтан баршаңызды сырт қалмай, дауыс беруге белсенді қатысуға шақырамын», – деді бас директор.
«Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС баспасөз қызметі
Back to news list