About the company
Vacancies
Press center
Сompliance
Ombudsman
About the company
About the company
Governance
History
Ecology and Safety
Policy of quality, labour and environmental protection
Project TAZALYQ
Еnvironmental protection
Программа по энергоэффективности
Выбросы в атмосферу загрязняющих веществ
Выбросы в атмосферу парниковых газов
Управление отходами производства и потребления
Оценка воздействия на окружающую среду
Labour protection
Industrial Safety
Fire safety
Производственный экологический мониторинг
Product
Unclaimed liquid and illiquid reserves
Production
Electrical desalting plant Atmospheric Unit 2
Electrical desalting plant Atmospheric Vacuum Unit 3
Catalytic reforming Unit ЛГ-35-11/300-95
Catalytic reforming with continuous regeneration of catalyst and benzene extraction unit
Complex for Production of Aromatic hydrocarbons
Hydrotreating and Isomerization Unit
Hydrotreating Unit and Diesel fuel dewaxing
Hydrogen production and purification unit
Delayed Coker Unit
Petroleum coke calcining Unit
Sulfur production unit with crystallization block
Technical nitrogen production unit
Gas-Reagent Unit
Waterblock
Biological wastewater treatment Unit
Mechanical wastewater treatment Unit
Total flare system and flare system of acid gases
Сooling tower of circulating water supply
Thermal power station
Commodities shop
Testing center (TC) «Central Laboratory»
ISO
Objectives and tasks
Certificates
Social sphere
House Construction
Medicine
Health Insurance Program
Holidays for children
Training
Dining rooms
Taking care of veterans
Hall of history and Labor Glory
Technical Library
Cultural work
Social Support
Sport work
Assets
Procurement
Annual Procurement Plan
Long-term Procurement Plan
Normative Documents
Additional Information
Procurement Archive
Procurement
Modernization
Deep oil refining complex
Complex for production of aromatic hydrocarbons
Reconstruction of the workshop №8
Bank of Ideas
Blog
Written requests
Access to key capacity
Access to key petroleum product sales capacity
About the company
Vacancies
Press center
Сompliance
Ombudsman
Рус
Қаз
Eng
Main
Press center
News
Атырау МӨЗ-де жабдықтарды ЖИ-мен бақылау: іс жүзіндегі предиктивті аналитика
Атырау МӨЗ-де жабдықтарды ЖИ-мен бақылау: іс жүзіндегі предиктивті аналитика
25.12.2025
188 views
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның еншілес кәсіпорыны «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС-де (АМӨЗ) цифрлық трансформация аясында жасанды интеллектіні (ЖИ) қолдана отырып, жабдықтардың істен шығуын предиктивті (болжамды) талдау жүйелерін енгізу бойынша пилоттық жобалар сәтті іске асырылуда. Негізгі серіктес – өнеркәсіптік автоматтандыру және технологиялық процестерді басқару саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі саналатын америкалық Honeywell корпорациясы.
Предиктивті аналитика жұмыс параметрлері негізінде ықтимал ақаулардың бастапқы белгілерін анықтап, жабдықтардың техникалық жай-күйін болжауға мүмкіндік береді. ЖИ-жүйелері ауқымды деректерді талдап, ауытқуларды анықтайды және жабдықтардың нақты жағдайына сәйкес техникалық қызмет көрсету (condition-based maintenance) мүмкіндігін қамтамасыз ете отырып, персоналға арнайы ұсыныстар дайындайды. АМӨЗ-де предиктивті аналитиканы енгізу деректер жинау, жабдықтың техникалық күйін талдау және басқарушылық шешімдерді қолдау секілді процестерді біріктіретін бірыңғай мониторинг жүйесін құруға бағытталған. Бұл инциденттер мен апаттық тоқтатулар тәуекелдерін төмендетуге, жабдықтардың сенімділігін арттырып, қызмет көрсету мерзімін ұзартуға, сондай-ақ өндірістік активтерді тиімді басқаруға мүмкіндік береді.
Бүгінде Атырау МӨЗ-де дамыған цифрлық экожүйе қалыптасқан. Мұнда өндірістік, энергетикалық және зертханалық процестерді басқару, оның ішінде Honeywell PHD деректерді сақтау платформасы, MES санатындағы шешімдер және жабдықтарды мониторингілеу жүйелері жұмыс істейді. Цифрландырудың жаңа кезеңі зауыттың аса маңызды технологиялық қондырғыларын қамтыды. Атап айтқанда, Honeywell компаниясымен бірлесіп қазан айында іске қосқан пилоттық жоба каталитикалық крекинг қондырғысының компрессоры мен CCR кешенінің (үздіксіз каталитикалық риформинг қондырғысы) негізгі жабдықтарына енгізілді. Технология өз тиімділігін қазірдің өзінде дәлелдеді: жүйе компрессордағы жасырын аномалияны анықтап, ақау жоспарлы алдын алу жұмыстары кезінде жойылды.
Бұдан бөлек зауыт «Динамика» ғылыми-өндірістік орталығымен ынтымақтастығын дамытуда. Ресейлік компания діріл диагностикасы, компьютерлік мониторинг, өнеркәсіптік жабдықтардың техникалық жай-күйін кешенді бағалау технологиялары мен жүйелерін әзірлеуге және енгізуге маманданған. 2024 жылы аталған компанияның дірілді диагностикалау жүйесі зауыттағы 819 бірлік техниканы қамтыды. Prime G қондырғысының (каталитикалық крекингтің бензинін гидротазарту кешені) функционалын кеңейту аясында жүйеге қосымша қысым, температура және деңгей параметрлері енгізілді. ЖИ-модельдері мұнда да жоғары нәтиже көрсетті: жүйе сорғылардың кірісіндегі қысымның төмендеуін автоматты түрде анықтап, нәтижесінде жабдықтың жұмысы дереу тұрақтандырылды.
ҚазМұнайГаз бұл жобаларды операциялық тиімділікті арттыруға бағытталған ұзақ мерзімді стратегияның негізі ретінде қарастыруда. АМӨЗ үшін предиктивті аналитиканы енгізудің үш жылдық бағдарламасы әзірленді. 2026 жылы мониторинг жүйесі енгізілетін аса маңызды 28 бірлік жабдықтың тізімі жасақталды. Қазір компания сарапшылары өзге де жетекші вендорлардың техникалық шешімдерін жан-жақты зерделеуде.
«АМӨЗ» ЖШС Баспасөз қызметі
Share on social networks:
Back to news list
News
Photogallery
Videogallery
Corporate Media
All
AMOZ Alemi newspaper
Keep up with the latest news.
Subscribe newsletter!
Subscribe
Newsletter subscribtion
Email
*
Subscribe
Close
Log in to profile
Login
Password
Forgot your password?
or
sign up
Password recovery
E-Mail:
*