Кешенді экологиялық рұқсат бойынша қоғамдық тыңдаулар алдындағы дөңгелек үстелге шақырамыз

18.11.2025
436 views
«Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС қоғам белсенділерін және барлық қызығушылық танытқан азаматтарды 2026-2035 жылдарға арналған Кешенді экологиялық рұқсат (КЭР) алу жобасына арналған дөңгелек үстелге қатысуға шақырады.

Бұл іс-шара «Каспиймұнайгаз «ҒЗЖИ» АҚ-мен бірлесіп ұйымдастырылып, қоғамдық пікірді есепке алу үдерісі аясында және жоспарланған қоғамдық тыңдаулар алдында өткізілуде.

Дөңгелек үстелдің негізгі тақырыбы: келесі онжылдықта зауыттың экологиялық саясаты мен міндеттемелерін анықтайтын КЭР алуға арналған жобалық құжаттаманы талқылау. Пікірсайыстың мақсаты – кәсіпорын қызметінің экологиялық аспектілерін ашық және нәтижелі талқылау.

Күні мен уақыты: 21 қараша 14:30

Орны: Атырау қ., Абай көш., 5, «Каспиймұнайгаз «ҒЗЖИ» АҚ акт залы

Онлайн-формат: жеке қатыса алмайтындар үшін онлайн-конференция ұйымдастырылады.

Қосылу сілтемесі: https://us02web.zoom.us/j/83330742963?pwd=JMmygrGlDovYcby0gQWJoKtda1v9zJ.1

Кеңес идентификаторы: 833 3074 2963

Қауіпсіздік коды: 123456

Назар аударыңыз: Жобалық құжаттамамен қоғамдық тыңдаулардың ресми порталында алдын ара танысуға болады:

https://hearings.ndbecology.gov.kz/Public/PubHearings/PublicHearingDetail?hearingId=28411

«Атырау МӨЗ» ЖШС қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне басым назар аударып, қоғаммен диалогқа ашық.

Сіздің пікіріңіз біз үшін маңызды.

Back to news list

Keep up with the latest news.
Subscribe newsletter!
Subscribe