1945 жылы пайдалануға берілген нысанның ауданы 1 000 м², ал жобалық көлемі – 6 233 м³ құрады.
2024 жылдың қазанында мұнайтұтқышты босату жұмыстары басталып, барлығы 7 100 тонна қалдық шығарылды. 2025 жылдың сәуір айында нысан толықтай жойылды.
Бұл жоба – АМӨЗ-дің тұрақты даму қағидаттары аясында қоршаған ортаға экологиялық әсерді азайту және өндірістік инфрақұрылымды жаңғыртуға бағытталған кешенді шаралардың бірі.
Мұнайтұтқыштың орнына буферлік сыйымдылық пен шағын конденсаттық станция салу жоспарланған. Жаңа нысандар штаттан тыс жағдайлар кезінде ағынды суларды қабылдап, уақытша сақтау үшін пайдаланылады.
Еске салайық, 2023 жылы Tazalyq экологиялық жобасы аясында жүргізілген механикалық тазарту қондырғыларын жаңғырту жұмыстары кезінде АМӨЗ аумағында бес ашық тоған жойылған еді. Алтыншы бассейн – апаттық қамбаның беті аспалы құрылыммен жабылды.
«АМӨЗ» ЖШС Баспасөз қызметі
Back to news list