Мұнай өңдеушілер Жеңіс саябағына ағаш екті

12.05.2025
636 views

Атырау мұнай өңдеу зауытының 80 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған іс-шаралар легі жалғасуда.


   Бұл жолы кәсіпорын қызметкерлері қала әкімдігімен бірлесіп Жеңіс саябағында 55 түп қылқан жапырақты ағаш отырғызды. Игі шара шаһардың экологиялық жағдайын жақсартуға, сондай-ақ Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында жаңартылып жатқан саябақтағы жасыл желек аумағын кеңейтуге бағытталған.

   «Біз қоршаған ортаға қамқорлық жасауды қоғам алдындағы маңызды жауапкершілігіміз деп санаймыз. Мұндай бастамаларға белсенді қатысу — өңірдің экологиялық болашағына қосылатын зор үлес», — деді АМӨЗ өкілдері.

   Айта кетейік, Атырау мұнай өңдеу зауытының 80 жылдығына арналған іс-шаралар жыл бойы жалғасып, экологиялық, әлеуметтік және мәдени бағыттағы түрлі жобаларды қамтиды.

 

«АМӨЗ» ЖШС Баспасөз қызметі

Back to news list

Keep up with the latest news.
Subscribe newsletter!
Subscribe