АМӨЗ жастары балаларға қуаныш сыйлады

18.06.2024
1363 views
АМӨЗ жастары балаларға қуаныш сыйлады
Атырау мұнай өңдеу зауытының балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралары жастар кеңесі ұйымдастырған қайырымдылық акциясымен жалғасты.

Айта кетейік, өткен аптада зауыт қызметкерлері арасында қайырымдылық мақсатта Charity Quiz интеллектуалдық ойыны өткізілген болатын. Сайыстан және жомарт жүректі қызметкерлерден бас-аяғы 2 млн 200 мың теңгеден астам қаражат жиналды. Ал зауыттың орталық кіреберісіне орнатылған арнайы жәшікке ойыншықтар, киім-кешектер мен кеңсе тауарлары жинақталды.

Қаражаттың бір бөлігі «Шаңырақ» балалар ауылының тәрбиеленушілерінің қажеттіліктеріне жұмсалса, екінші жартысы мен қайырымдылық жәшігіне жиналған заттар көпбалалы 10 отбасыға таратылды.

 

Қуанышқа бөленген балалар мен ата-аналар зауыт ұжымына алғыстарын жеткізіп, қызметте табыс тіледі.

«Сіздерге Алла разы болсын. Балаларды мейрамда құттықтап келіп жатқандарыңызға рақмет. Ұжымға алғысым шексіз», - деді көпбалалы ана Ақкүміс Тұрлыбаева.

Зауыт басшылығының қолдауымен ұйымдастырылатын игілікті істер алдағы уақытта да жалғасын таппақ.


Back to news list

Keep up with the latest news.
Subscribe newsletter!
Subscribe