АМӨЗ мұнай өңдеудің аралас схемасына көшті

21.06.2023
1476 views
АМӨЗ мұнай өңдеудің аралас схемасына көшті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың отандық мұнай өңдеу зауыттарының қызметін аралас мұнай өңдеу схемасына көшіру туралы тапсырмасын орындау мақсатында «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС қызмет аясын кеңейтіп, 2023 жылдың маусымында ай сайын 4 000 тоннаға жуық көлемде сатып алынатын шикізатты өңдеу жұмыстарын бастады.
Мұнай өңдеудің аралас схемасына көшу зауыт қызметінің тиімділігін арттырып, меншікті мұнай өнімдерін сатудан түскен қаражатты өндірісті дамытуға және ұжымдағы әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Back to news list

Keep up with the latest news.
Subscribe newsletter!
Subscribe