АМӨЗ қызметкерлерінің 90%-ы COVID-19 қарсы екпе алды

21.09.2021
1667 views

"АМӨЗ" ЖШС-де кәсіпорын мен мердігер ұйымдардың қызметкерлеріне екпе салдыру науқаны жалғасуда. Қазіргі таңда 1 609 қызметкердің 1 443-і бірінші компонентпен егілді, -бұл 90% - ды құрайды.

       1 107 (қызметкерлердің 69%) екпенің 2 компонентін алып, вакцинация төлқұжатын алды. Жыл соңына дейін медициналық қарсы көрсеткіштер мен медициналық қарсылықтары бар қызметкерлерді ескере отырып, ұжымдық иммунитетінің көрсеткіші 100% жетеді деп жоспарлануда.

       Сондай-ақ,  екпе алғандардың  саны артқан сайын зауытта COVID-19 ауруының көрсеткіші едәуір төмендеді.

        Вакцинация қызметкерлердің жеке келісімі, вакцинаны қолдануға қарсы көрсетілімдер және әрбір қызметкердің денсаулық ерекшеліктері ескеріле отырып жүргізіледі. Сонымен қатар, адамдардың шоғырлануын болдырмау мақсатында кесте бойынша арнайы медициналық орталықта екпе салады.

       "Қызметкерлерді жаппай вакцинациялау ұжымдық иммунитетті қалыптастыруға мүмкіндік берді. Сырқаттану деңгейін тұрақтандыруға көп күш жұмсалды, соның арқасында өндірістік бағдарламаның уақтылы орындалуын қамтамасыз етіп отырмыз", - деп түсіндірді қызметкерлерді басқару және еңбекақы төлеу департаментінің директоры Серік Арыстан.

Back to news list

Keep up with the latest news.
Subscribe newsletter!
Subscribe