Зауыт қызметкерлері Перетаска тұрғындарына арналған көпірді жөндеуден өткізді

28.06.2019
1708 views
Зауыт қызметкерлері Перетаска тұрғындарына арналған көпірді жөндеуден өткізді
"Атырау МӨЗ" ЖШС Бас директоры Ш.А.Данбайдың бастамасымен Перетаска өзеніндегі жылы арна арқылы өтетін жаяу жүргіншілер көпірі жөнделді.

Көпірдің ұзындығы-25 метр, ені-1,5 метр. Жергілікті тұрғындар көп жылдар бойы пайдаланып келген бұл көпір көптен бері апаттық жағдайда болып, адамдардың өміріне қауіп төндірді.Бұл көпір екі жағалаудың арасындағы жалғыз және жақын байланыс. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, балалар үшін бұл өте қорқынышты, себебі олар көпірдің негізгі төсемдері мен таяныштары арасындағы ашық кеңістікке оңай құлап кетуі мүмкін еді. Ал қыс мезгілінде көпір өте тайғанақ болады.Негізгі қираулар көпірдің таянышына әсер етті, олардың көп бөлігі сынған және қираған.

Жөндеу жұмыстарын «КазТурбоРемонт»сервистік орталығы ЖШС (АМӨЗ мердігерлік компаниясы) қызметкерлері жүргізді. Кәсіпорын директорының орынбасары Ардақ Қосаевтың айтуынша, мамандар көпірдің негізін толық бекітіп, қоршауларды қалпына келтірді. Ендігі кезде көпір қауіпсіз және алдағы уақытта жаяу жүргіншілер үшін көп жыл қызмет етеді деп сенеміз - , дейді жөндеушілер.

"АМӨЗ" жұртшылықпен байланыс қызметі

 

Back to news list

Keep up with the latest news.
Subscribe newsletter!
Subscribe