Жылу электр орталығы

Зауыттың жылу электр орталығы Каспий аумағы энергетикасының 1945 жылы ең алғашқы іске қосылған кешендерінің бірі.

ЖЭО-ның негізгі жұмысы - зауыттың технологиялық цехтары мен қазандықтарын, қалдықтарды өңдейтін цехтарды үздіксіз электрмен және жылумен, құралдар және техникалық ауамен, химиялық тазарту және қоректік сумен қамтамасыз ету болып табылады.

2006-2013 жж. қайта құрылымдау кезінде ЖЭО жұмысын тоқтатпай және заманауи талаптарға сай болып қалуы үшін бірқатар іс-шаралар өткізілді. ЖЭО-ның барлық бөлімшелері түгел дерлік реконструкцияланып, жаңартылды. 2006 жылы үшқазандықты жылу қазандығы және 6 МВт қуатты №3 турбоагрегаты салынып, іске қосылды. 2011-2012 жж. америкалық «Рилей-Стоккер» фирмасы шығарған 4 қазандықты ресейлік қазандықтарға ауыстыру жөніндегі құрылыс-монтаждық жұмыстары жасалды. Бүгінгі таңда қазандықтардың жалпы бу шығару өнімділігі 275 т/с. Барлық жылу агрегаттары Ресейде шығарылған.

2021 жылдан бастап өндіріс каталитикалық крекинг қондырғысынан 3,9 Мпа қысыммен бумен қамтамасыз етілді, оның жұмысы зауытта мұнай өңдеу тереңдігін арттырудың басым бағыттарының бірі болып табылады.

2013 жылға дейін ЖЭО-да қуаты 18 МВт болатын үш турбогенератор қолданылды және электроэнергияны сырттан сатып алуды азайту үшін жаңа градирнясы бар ст.№4 кешенінде қуаты 12 МВт болатын П-12/13-3,4/1,0 бу турбинасы іске қосылды.

Бүгінгі таңда ЖЭО-да қондырылған және қолданылатын электр қуаты 30МВт құрайды.

2015 жылы зауытты қайта құрылымдау аясында хош иісті көмірсутек өндіретін кешеннің жаңа қондырғыларын деминералданған сумен қамтамасыз етуге арналған химиялық тазарту қондырғысы салынды.

Мұнайды терең өңдеу кешені үшін өнімділігі 160 мЗ/сағ конденсаттық станция салынды.Сондай-ақ өндіріс құрылымында зауыттың ескі бөлігін сығылған техникалық және аспаптық ауамен үздіксіз қамтамасыз ететін ауа компрессорлық қондырғы жұмыс істейді.

Қазіргі уақытта зауыттың ЖЭО - Атырау мұнай мөңдеу зауытының Жылу және Электр энергиясы өндірісіне айналды.

Жалпы өсімдік шаруашылығы Хош иісті көмірсутектерді өндіру кешені Гидрогенизациялық процестер өндірісі Мұнайды терең өңдеу өндірісі Мұнай өнімдерін өндіру және тасымалдау өндірістік нысаны ПКИС ППНГО Жылу және электр энергиясы өндірісі Зауыттың орталық зертханасы ГТЭС
Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу