Корпоративтік климатты жақсарту және зауыт қызметкерлерімен салауатты өмір сүруді қолдау мақсатында зауытта спорттық және мәдени-бұқаралық шараларды ұйымдастыру жөніндегі жұмыстар жүргізіледі, онда барлық цехтар мен бөлімше қызметкерлері белсенді қатысады.
Спортты қолдау және қызметкерлерді спорттық жарыстарға тарту-кәсіпорынның әлеуметтік саясатындағы басымды бағыттарының бірі. Жыл ішінде әртүрлі спартакиадалар мен жарыстар, өндіріс командирлерінің турнирі, қысқы балық аулау бойынша жарыс, балаларды қорғау күніне балалар арасында футболдан біріншілік және басқалары өткізіледі. Осы шаралар көптеген қатысушылар мен жанкүйерлерді жинайды.
АМӨЗ өзінің үздік спорттық дәстүрлерін мақтан тұтады. Қазақстанның байырғы өнеркәсіп кәсіпорынның қызметкерлері бұрын да, қазір де спортқа, салауатты өмір сүруге қолдаушылық үлгісін көрсетеді. Зауыттың футболдан, волейболдан және теннистен құрама командалары облыстық және қалалық чемпионаттарда, республикалық жарыстар мен турнирлерге белсенді қатысып, жүлделі орындарға ие болады және сол арқылы спорттың осы түрлерін жәрия етеді. Яғни кәсіпорын ұжымының салауатты өмір сүруін насихаттайды.
Жыл сайын кәсіби мейрам-Қазақстанның мұнай-газ кешені қызметкерлерінің күніне арналған жалпы зауыттық спартакиада өткізіледі. Спартакиаданың негізгі мақсаты бүкіл ұжымның бір үлкен команда болуы, әр қызметкерге өзін спортта көрсету мүмкіндігін ұсыну.
2019 жылы АМӨЗ ЖШС командасы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобының қызметкерлері арасындағы спартакиадада бірінші орынды жеңіп алды. Жарыс бағдарламасы, әдеттегідей қызықты және алуан-түрлі оқиғаларға толы болды.
Командалық жарыста қызметкерлер келесі спорт түрлерінен өздерін сынай алды: ерлер, әйелдер волейболынан, шағын футболынан, баскетболынан, сондай-ақ кір тас көтеруден, жүзуден, армрестлингтен, шахматтан, дойбыдан, тоғыз-құмалақ ұлттық ойынынан және үстел теннисінен.
Бұл жарысқа «ҚазМұнайГаз Өнімдері» АҚ , «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС, «АМӨЗ» ЖШС, «ПетроҚазақстан Ойл Продактс»,» ЖШС командалары, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еншілес компаниялардың қызметкерлері қатысты.
Қызметкерлер мен спортшылар жаттығуына және турнирлердің өткізілуіне футбол, баскетбол, волейбол, үстел теннисі және басқа да спорт түрлерінің қалалық спорт кешендері ұсынылады.